19 – 23 қараша 2012 жыл

«Арқанкерген заставасындағы 14 шекарашы мен бір қорықшыны өлтірді» деген айып тағылған сарбаз Владислав Челах (суретте) сот отырысына журналистердің қатысуына қарсылық танытты. Журналистерге сот отырысын көрсететін дыбысы нашар үш монитор бар арнайы бөлме берілді. Сот алқабилердің қатысуынсыз, жартылай жабық күйде өтіп жатыр. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.

Владислав Челахқа «Екі және одан көп адамды өлтіру», «Жеке заттарды ұрлау», «Құпия құжаттарды ұрлау», «Қару ұрлау», «Заңсыз қару ұстау», «Әскери мүлікті бүлдіру», «Әскерден қашу» және «Бөтен адамның баспанасына заңсыз кіру» деген айыптар тағылған. Әскери прокурор Дастан Секеновтің айтуынша, Челах бұл қылмыстарды «қызметтестерімен арада туған жек көрушілік негізінде» жасаған. Суретте: Владислав Челахтың анасы Светлана Ващенко. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.

Қылмыстық іс материалдарымен танысқан Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов (суретте оң жақта) «Арқанкергенде 15 емес, 18 адамның қаза болғанын» айтады. Талдықорған, 19 қараша 2012 жыл.

21 қараша күні шекарашы Владислав Челах сот отырысы кезінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Дәрігерлер оның жағдайын қалыпты екенін айтады.

Алматы қаласы прокуратурасы соттан тіркелмеген «Алға» партиясы мен «Халық майданы» қоғамдық бірлестігін экстремистік деп тануды, «К-плюс», «Взгляд» сияқты бірнеше БАҚ қызметіне тыйым салуды талап етті. Көрнекі сурет.

Қарашаның 20-сында Астанада өткен байқауда «елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын үздік білетін» мектеп оқушысы анықталды. Ол – 11-сынып оқушысы Елбасы Бегмат. Суретте: Астана қаласы білім департаментінің директоры Әсима Бимендина (сол жақта) Елбасы Бегматты құттықтап тұр. Астана, 20 ноября 2012 года.

«1995 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы сайлауға түсіп жатқан кезде мен туыппын. Сонда Бәйдібек ауданынан менің атама келіп ұсыныс жасаған: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлындай кемеңгер, саясаткер, ұлы тұлға болсын, атын Елбасы қояйық» депті. Содан атам Елбасы деп қойған», – деді Елбасы Бекмат есімінің сырын сұраған Азаттық тілшісіне. Суретте: Елбасы туралы байқаудың көрермендері. Астана, 20 қараша 2012 жыл

Астанада «Елбасына тілек» атты балалар шығармашылығы байқауы өтті. Суретте: «Алтын дән» балалар орталығының тәрбиешісі Татьяна Унгефугт пен Арлан Төлегенов. Сол жақтарында бірге жасаған жұмыстары тұр. Астана, 20 қараша 2012 жыл.

«EXPO–2017» халықаралық көрмесі Астанада өтетін болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, көрме 2017 жылдың жазғы үш айында өтеді. Астанаға 5 миллион қонақ келмек. Суретте: Қазақстанның вице-премьері Қайрат Келімбетов EXPO көрмесін өткізу құқығын иеленуге талапкерлерді анықтау күні. Париж, 22 қараша 2012 жыл.