Атырауда антитеррорлық оқу-жаттығу басталды

Арнайы операция болған "Көктем" ықшам ауданында жүрген жасақ. Атырау, 21 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Бүгін Атырауда республикалық антитеррорлық оқу-жаттығулар басталды.
Бұл жайлы Азаттық тілшісіне Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Ләззат Нұрмағамбетова хабарлады.

Оның айтуынша, оқу-жаттығуға Атырау облыстық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік департаменттерінің жеке құрамы қатысып жатыр. "Антитеррорлық оқу-жаттығу 28 және 29 қараша күндері өтеді. Бұл күндері қала сыртымен әуежайға қарай баратын жолдар уақытша жабылады" деді ол.

Прокуратура өкілі бұдан өзге ақпарат берілмейтінін, мәліметтердің "құпия" екенін айтты.