Сот тағы бір газетті жабу туралы ескертті

"Аман-Саулық" қорының төрайымы Бақыт Түменова.

Бүгін Алматы қаласының сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтары жағдайы туралы жазатын "Республиканские вести - деловое обозрение" газетінің қызметін тоқтату туралы ескерту ескерту тапсырды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне газетті шығаратын "Аман-саулық" қоғамдық қорының өкілі Оксана Гулак хабарлады.

Оның айтуынша, ескертуде газет жұмысын жалғастырған жағдайда әуелі әкімшілік шара қолданылатыны, қайталанса - қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылған.

Ескертуде "Республиканские вести - деловое обозрение" газеті бас прокуратура жабуды талап еткен бірқатар оппозициялық БАҚ-тардың қатарында аталады.