26 – 30 қараша 2012 жыл

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылы экологиясының ластығы мен ауыз судың сапасыздығын, ауыл тұрғындарының белгісіз бір індетке шалдығып отырғанын айтқан ауыл тұрғыны Ардақ Құбашева аудан әкімдігінен қысым көріп отырғанын айтады.

Қарашаның 28-і Шұбарши ауданы орналасқан Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев Азаттыққа берген жазбаша жауабында «Ардақ Құбашеваға қысым жасалып отырғанын» жоққа шығарды. Сондай-ақ, Азаттықта жарияланған «Шұбарши тұрғындары «белгісіз аурудан» қорқып отыр» деген мақаладағы келтірілген деректердің «шындыққа жанаспайтынын», «санитарлық-микробиологиялық көрсеткішке 24 су сынамасы алынғанын, нормаға сәйкес келмейтіні анықталмағанын» айтады әкім. Суретте: Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев. Сурет Темір ауданы әкімдігінің сайтынан алынды.

2012 жылы көктем кезінде Шұбаршидің ауасы мен суының сапасыздығын айтып Азаттыққа шағынған тұрғындардың бірі Ұмсынай Құдиярова «содан бері ештеңе өзгермегенін» айтады. Суретте: Шұбаршилік тұрғын Ұмсынай Құдиярова кермек дәмі бар, май араласқан ауызсуды көрсетіп тұр. Ақтөбе облысы, Шұбарши кенті, 14 мамыр 2012 жыл.

«Террорлық әрекет жасамақ болды» деп айыпталған атыраулық студент Мейірбек Жанқуатовтың анасы Баян Шүкірғалиева (суретте) «баласының заңсыз қамалғанын» айтып, Қазақстан президенті мен бас прокурордан Астанадан арнайы комиссия шақыруды сұраған. Шүкірғалиева: «Бұған дейін Мейірбекті қылмыскер ретінде республикаға хабарлап қойғаннан соң, соларын жалған түрде «дәлелдеп» шыққылары келіп отыр» деп санайды. Атырау, 26 қараша 2012 жыл.

2012 жылы қыркүйек айында Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының үш тұрғыны – 19 жасар Мейірбек Жанқуатов (суретте), Махамбет Исағалиев және Ыбырай Әдір тұтқындалды. Оларға «Террористік актілер жасамақ болды, мал ұрлап, оның қаржысына заңсыз қару-жарақ алды» деген айыптар тағылды.

Желтоқсанның 1-і болатын тұңғыш президент күніне орай Қазақстанның жер-жерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Суретте: Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған студенттер концерті. Алматы, 28 қараша 2012 жыл. Азамат Құсайынов түсірген фото.

Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған жас ақындар айтысы. Алматы, 29 қараша 2012 жыл.

Назарбаев оқуларында» оны Абай мен Вашингтонға теңеді. Әлемнің 51 елінен мейман келген бұл жиында «Назарбаевтың болмысын бір ғана форум аясында ашу мүмкін емес» дегендер де болды. Суретте: «Бірінші Назарбаев оқулары - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» форумы. Астана, 29 қараша 2012 жыл.