Алматыда онлайн-журналистика тақырыбына жиын басталды

Көрнекі сурет

Бүгін Алматыда "Онлайн-журналистика және блогинг" тақырыбына арналған еларалық конференция басталды деп хабарлады сол жиынан Азаттық тілшісі.

Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден 150-ден астам онлайн-медиа журналистері мен блогерлер қатысып отыр. Жиында азаматтық журналистика, Қазақстандық блогосфера және оны дамыту мәселелері талқыланады.

Екі күнге жалғасатын жиынның барысын интернет арқылы тікелей байланыста көріп, тыңдауға болады.