Ақтауда Қазақстан өндірушілерінің конгресі басталды

Сейсенбі, 11 желтоқсанда Ақтау қаласында Қазақстан өндірушілерінің бірінші конгресі басталды.

«ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнда ең алдымен қазақстандық өндірушілердің тауар және қызмет сапасы проблемалары, тасымалдау принциптері, өндірушілер мен жеткізушілердің жауапкершілігі, олардың мәселелері талқыланады.

Өндірушілер конгресіне 150-ден аса қазақстандық компания қатысады деген болжам бар.