Фото-байқауға келген суреттер (11-12 желтоқсан)

Ат мінген бойжеткен. Наурыз мерекесіндегі бақытты сәттердің бірі.

Қарлығаш балапандарымен тілдесу. Үй қабырғасына қарлығаш ұя салған. Ұядағы екі балапанға сүйсіне қараған бикеш. Жүктеген С.Әбдірешұлы.

Ат — ердің қанаты.

Алғашқы қар үлбіреп қонды ерінге, Неге қала бермедің сол көгіңде? Қара жолдың үстіне келіп қонған Ақша қарға адамдар жол беруде. Жүктеген Кәусар Лескенқызы.

Көкжиекке көз тіккен бикештің жамылған көгілдір орамалы Алакөлдің самалында желбіреп тұр. Жүктеген С.Әбдірешұлы.

Достар. Аман болса басымыз, әлі-ақ шығар шашымыз.

Қына тастан, талап жастан. Әлия мен Елена (Жаңаөзен). Жұмыс барысында әділ, батыл және білімді адамдармен, журналистермен және құқық қорғаушылармен танысқанымды мақтан тұтамын. Жүктеген Ғалым Ағелеуов.