Қазақстанның бес облысында жол жабық

Көрнекі сурет.

Қатты аяз салдарынан Қазақстанның бес облысының аумағында автокөлік жолдары жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ақпарат Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Ауа райының бұзылуы себепті бүгін таңертеңгі сағат 09.15-тен бастап Астанадан барлық бағыттар бойынша дизель отынымен жүретін көліктердің жолға шығуына тиым салынды. Жұманың кешінен бастап Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолаушы тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін көліктер қозғалысына шектеу енгізілген.