Украинада 37 адам үсіп өлді

Қар басқан жол. (Көрнекі сурет)

Украинада 37 адам суықтан үсіп өлді деп хабарлады осы елдің денсаулық сақтау министрлігі. Қайтыс болғандардың көбі - үйсіз-күйсіз жандар. Бұл елдің кейбір өңірлерінде ауа температурасы Цельсий бойынша минус 10 градусқа дейін суытып кеткен.

Министрліктің айтуынша, осы айда 190 адам дәрігерлік көмек сұрай келіп, оның 160-ы ауруханаға жатқызылған.

Украинада былтыры қыста суықтан он шақты адам қайтыс болған еді.