Кейбір облыстарда мектептерде сабақ тоқтатылды

"Шығыс Қазақстан облысында қатты аяздан мектептер мен колледждерде сабақтар тоқтатылды" деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, Өскеменде ауа температурасы - 40 градус, Риддерде - 38, Зырянскіде - 46, Семейде -39 градусқа дейін төмендеп, мектептер мен колледждерде сабақтар тоқтатылған. 

Ақмола облысының 17 ауданы мен Көкшетау және Степногорск қалаларында сабақ тоқтатылған.