16 – 21 желтоқсан 2012 жыл

16 желтоқсан күні қоғамдық белсенділер мен саясаткерлер Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Атырау, Орал қалаларында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алып, құран бағыштады. Суретте: Орал қаласының орталық алаңында өткен шара. (Орал, 16 желтоқсан 2012 жыл. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды).

Жер-жердегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескеркіштерге гүл қойылды. Суретте: Тіркелмеген «Алға» партиясының белсенділері Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткішке гүл қойды. (Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды).

17 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасы өтті. Үш сағатқа созылған шарада бұл оқиғаларға байланысты деректі фильмдер көрсетілді. Жиналғандар ол екі оқиғаға саяси мәртебе беруді, 16-17 желтоқсанды қаралы күн деп жариялауды ұсынды. Суретте: Жаңаөзен оқиғасы туралы ән айтып тұрған белсенділер. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Жиынға қоғамдық белсенділер, оппозиция өкілдері, Жаңаөзен және Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ақын-жазушылар, қала тұрғындары, студенттер, сондай-ақ 2011 жылы 17 желтоқсанда Шетпеде оққа ұшқан Төребек Төлегеновтің әкесі Жәнібек Төлегенов (суретте) пен Жаңаөзен оқиғасында жараланған Нұрлыбек Нұрғалиев те қатысты.

Желтоқсанның 17-сі күні Алматыда «Азат рухтың алдаспандары» деп аталатын қарсылық сарындағы әндер мен күйлер концерті өтті. Суретте: Әнші Ерлан Төлеутай. Алматы, 17 желтоқсан 2012 жыл.

Қазақстан азаматы Александр Осадченко Бішкекте қамаудан босатылды. Қазақстан жағы оның елге қайтарылуын талап етіп отыр. Суретте: Александр Осадченко. Бішкек, 18 желтоқсан 2012 года.

Желтоқсанның 19-ы күні ҰҚК оппозициялық «Голос республики» газеті, «Аман-саулық» қоғамдық қоры мен Stan.kz бейнепорталының кеңселерінде тінту жүргізді. Көрнекі суретте: Stan.kz кеңсесісен шығып келе жатқан адам. Алматы, 21 қараша 2012 жыл.

Алматының Бостандық аудандық соты шешімімен «Взгляд» газеті экстремистік деп танылып, жабылды. Суретте: «Взгляд» газетінің адвокаты Геннадий Нам. Алматы, 20 желтоқсан 2012 жыл.

Желтоқсанның 21-і күні Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы Мұхтар Әміров (суретте) тіркелмеген «Алға» партиясын «экстремистік ұйым» деп таныды.