Алматы облысында кейбір жолдар жабылды

Жолда қар күреп жүрген көлік (Көрнекі сурет).

Қазақстан көлік және коммуникация министрлігінің хабарлауынша, бейсенбі таңертең қар мен бораннан Алматы облысында Үшарал-Достық және Сарыөзек-Көктал жолдары жабылды.

Үшарал-Достық жолының 93-184-километрі арасында, ал Сарыөзек-Көктал жолының 46-480-километрі арасында көлік жүруіне шектеу қойылған.