Фото-байқауға келген суреттер (4-8 қаңтар)

Кішкентай оқымысты. Кітап десе ішкен асын жерге қоятын бала. Жүктеген Гауһар.

Жастарымыз жаппай дінге бет бұрды. Жүктеген Мирас.

Рэпті бірге айтамыз... Жүктеген Вера Саранчукова.

Болашақ жастардың қолында. Жүктеген Марат Қаниев.

Сені іздеп тауға да, тоңазытқышқа да шықтым. Жүктеген Мирас.

Интернет клубта Counter strike ойнап отырған бастауыш сынып оқушысы. Жүктеген Оралбек бей Өтеғұлов.

Испан биі. Өнерлінің өрісі кең.

Сіңлім, қарашы, мына қайыңның бұтағын бұзық адамдар сындырып тастапты. Қурап жатыр екен. Олай жасауға болмайды.

Әйгерім есімді бойжеткен. Ақтөбе. Жүктеген Оралбек бей Өтеғұлов.

Ақтөбе теміржол вокзалындағы жұмыс уақытында басқа іспен айналысып отырған қызметкерлер. Жүктеген Оралбек бей Өтеғұлов.

Білімқұмар студент. Жүктеген Мирас.

Батыр болам мен ертен... Астана. Жүктеген Айжан Жұмабек.

Аязатамен суретке түсу. Жүктеген Ғалия Абилбакиева.

Корпоративка. Ұжымдық кештер әріптестерді жақындастырады. Жүктеген Мирас.

Атқа мінген бесеу. Жүктеген Гүлнұр.

Бесікке бөлеу. Жүктеген Мирас.

Фотографтар "атысы". Жүктеген Вера Саранчукова.

Әдіс. Сурет Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы жарыс кезінде түсірілген.

Альпыдағы футбол. Сурет жазғы Арман-Тау спорт-туристік балалар лагерінде түсірілген (Жоғарғы Ұба ауылы, ШҚО). Альпы футболының ережелері кәдімгі футболдағындай. Бірақ мұнда ойыншылар бір-біріне, ал қақпашылар қақпаға тауға шығуға арналған жіптермен байланған.

Ұбадан өту. Арман-Тау спорт-туристік балалар лагері (Жоғарғы Ұба ауылы, ШҚО).

Бермеймін... Сурет ШҚО Зырян ауданындағы балалар жарысында түсірілді.

Маңғыстау - менің мекенім. Тамшалы - Маңғыстаудағы ең көрікті жерлердің бірі. Жүктеген Мирас.

Алдамшы махаббат. Қазіргі қыздардың намысты жиыстырып, ұлдардың артынан жүгіретін заман болып кетті ғой... Бәрі емес,бірақ көбісі. Ал екінші сурет юмор аралас шындық. Жүктеген Марал.

Мен жүргізуші боламын. Жүктеген Гүлнұр.

Тәрбие басы – тал бесік! Тәрбиенің әліппесі ана құрсағына бала біткеннен басталса керек. Дана халқымыз «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деп бекер айтпаған. Тәрбиесіз берілген білім, әлемді опат қылады. Сондықтан барлық бастаманың алдында тәрбие тұру керек. Алдымен тәртіпті өзімізден бастайықшы, жастар! Өйткені,"Әлемді түзеткің келсе, өзіңнен баста" демей ме?! Бүгінгі жастар – ертеңгі ұрпақ тәрбиелеуші. Жүктеген Шайхы Марал.

Бүгінгі Қыз-Жібек. Біздің қыздар бәрінен де әдемі! Жүктеген Мирас.

Мен де көрейінші... Сәби айтқанды емес, көргенін жасайды. Жүктеген Мирас.

Бала мен теңіз. Баланың алғашқы рет суға түсуі. Жүктеген Мирас.

Бекет-Атаға апаратын жол. Маңғыстау - 362 әулиенің жері. Жүктеген Мирас.

Жаңаөзендегі қыз ұзату. Асхат пен Маралдың тойы. Жүктеген Мирас.

Біздің табиғат. Көктем. Қазақстан. Жүктеген Аймеден.

21 ғасыр "қарақшысы". Жүктеген Гүлнұр.