Қазақстан Heritage Foundation қоры жыл сайын түзетін экономикалық еркіндік деңгейі рейтингісінде 68-орынды алды. Сарапшылар Қазақстандағы экономикалық еркіндікті 63 балл деп бағалап, "кәдімгідей еркін елдердің" тізіміне кіргізген.
Бірақ Қазақстанның биылғы балы жекеменшіктік құқық, сыбайлас жемқорлықтан еркін болу және сауда еркіндігі жағдайының нашарлауына байланысты өткен жылғы балымен салыстырғанда 0,6 пайызға төмендеген.
Heritage Foundation Қазақстан экономикасының 2009 жылдан бері түзеліп келе жатқанын, бірақ жекеменшіктің құқықтарын қорғау мәселелері мен сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамалардың орындалуында кемшіліктер бар екенін айтты.
Экономикасы еркін елдердің алғашқы бестігіне Гонконг, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия және Швейцария кірген.