Назарбаев дипмиссиялар басшыларымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауын оқып тұр. Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмада Астанада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар өкілдерімен кездесу өткізді.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Назарбаев дипломатиялық миссиялар өкілдеріне Қазақстанның 2012 жылы сыртқы саясатта, халықаралық қатынастарда "жеткен жетістіктері" туралы баяндады.

Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатта Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа Одағы, Орталық Азия және Азия елдерімен стратегиялық байланысын одан ары нығайта беретінін айтқан.

Бұдан ары президент Қазақстанның Еуразиядағы "қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегі" болуға ұмтылатынын айтып, аймақта қақтығыс тудыратын кез-келген жағдайдың алдын-алуға тырысатынын да жеткізген.