"Оскар" жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

"Арго" операциясы" фильмінің режиссері Бен Аффлекке "Оскар" жүлдесі тапсырылды. Калифорния, АҚШ, 24 ақпан 2013 жыл.

АҚШ кино өнері академиясының басты жүлдесі - "Оскар" сыйлығы биыл Бен Аффлектің "Арго" операциясы" (Argo) фильміне берілді. Фильм Иранда кепілге алынған алты америкалықты құтқару жайында түсірілген.

Ең үздік актер атағымен Стивен Спилбергтің "Линкольн" фильміндегі рөлі үшін Даниэл Дэй-Льюис марапатталды. Шетел тіліндегі ең үздік фильм деп австриялық Михаэл Ханекенің "Махаббат" фильмі танылды. Фильмде ерлі-зайыпты қос қарттың физикалық және психикалық аурулармен күресетіні көрсетіледі.

"Оскар" жүлдесі осымен 85-рет тапсырылып отыр.