Мәжіліс депутаты Сәрсеновтің өкілеті тоқтады

Парламент мәжілісінің ғимараты. Астана.

Бүгін парламент мәжілісінің депутаты Сағиятулла Сәрсенов депутаттық өкілетін мерзімінен бұрын тапсырды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) өкілі Ләззат Сүлейменнің хабарлауынша, Сәрсенов отставкаға кету туралы ОСК-ге өтініші берген. Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар Сәрсеновтің оның өтінішін бірауыздан мақұлдаған.

Сәрсенов мәжіліске "Ақ жол" партиясының атынан сайланған.