4 – 8 наурыз 2013 жыл

Театр режиссері, азаматтық белсенді Болат Атабаев (суретте) Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытуға шетелде жүріп үлес қосу үшін қор құрғанын мәлімдеді.

«Менің алға қойған мақсатым – Қазақстандағы азаматтық қоғамға қарсы шығып, жер байлығын сатып жүрген адамдарға қарсы пікір туғызу. Олардың Батыстағы қаржы көздерін әшкерелеу, зерттеу. Осы бағытта жұмыс істеушілерге көмектесу. Қазақстанда да Батыстағыдай азаматтық қоғамның пайда болуына ықпал ету», - деді Германияда гастролін өткізген «Ақсарай» театрының ұйымдастырушысы Болат Атабаев. Суретте: «Көшкін» спектаклін көрген жұрт қол соғып тұр. Кельн, 28 ақпан 2013 жыл.

Өткен жы¬¬¬лдың соңында ҰҚК тінту жүргізген Stan.kz бейнепорталының қызметкерлері редакция мүлкін қайтара алмай жүр. «Олар (ҰҚК - ред.) «егер былай істесеңдер - заттарыңды қайтарамыз» деген сияқты қандай да бір шарт қойса бір жөн. Ләм-мим демейді. Техника болса, тұр. Біз камерасыз жұмыс істей алмаймыз», - дейді «Стан-продакшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бауыржан Мүсіров (суретте) наурыздың 5-сі.

Алматыдағы Stan.kz бейнепорталы мен «Аман-саулық» қоғамдық қорының кеңселеріндегі тінту «қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтың жақын серіктерінің бірі ретінде белгілі» «Мұратбек Кетебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс негізінде» жүргізілген болатын. Көрнекі сурет. (Stan.kz бейнепорталының есігін ашып тұрған журналист. Алматы, 21 қараша 2012 жыл.)

Айгүл Бейсенбаева компанияда жұмыс тәртібі бұзылғанын, қызметінің себепсіз төмендетілгенін, бір ұшқыштың ауыр жағдайда қайтыс болғанын айтып, көлік және коммуникация министрлігіне шағым түсірген болатын. Суретте: Scat компаниясы ұшағы құлаған жер. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл.

Накануне Международного женского дня Нурсултан Назарбаев призвал женщин Казахстана больше рожать и воспитывать патриотов. Он предложил обучать казахстанцев искусства материнства и правилам семейной жизни. На фото: президент Казахстана Нурсултан Назарбаев встретился с представительницами разных профессий по случаю Международного женского дня. Астана, 7 марта 2013 года.