Риддердегі алтын өндіретін кеніште өрт болды

Риддер қаласындағы (Шығыс Қазақстан) алтын өндіретін "Алтын-Тау" кәсіпорнының кенішінде өрт болып, 443 адам сыртқа шығарылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт ағаш құрылғылардың тұтануынан шыққан. Ешкім зардап шекпеген. Өрт сөндірушілер оны тек төрт сағаттан соң ғана өшірген.