Маргарет Тэтчер қайтыс болды

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер. Ұлыбритания парламенті, 3 желтоқсан 2008 жыл.

87 жасқа қараған шағында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер өмірден озды. Ақпараттарға қарағанда, Маргарет Тэтчер 2013 жылы сәуірдің 8-і күні таңертең қайтыс болған. 

Марқұмның баспасөз хатшысы лорд Белл "Марк пен Кэролл Тэтчерлер шешелері - баронесса Тэтчердің инсульттен қайтыс болғанын мәлімдеді" деп хабарлады.