Италияда кеме мұнараға соғылып, 3 адам мерт болды

Көрнекі сурет.

Италияның Генуя қаласында сауда кемесі бақылау мұнарасына соғылып, үш адам қаза тапты, төрт адам ауруханаға түсті. Италиялық телеарналардың хабарлауынша, алты адам із-түзсіз жоғалған.

Бақылау мұнарасының лифтісінде қамалып қалғандар да болуы мүмкін деген қауіп бар. Алдын ала деректерге қарағанда, кеме порттан шыққанда қозғалтқышынан ақау білініп, басқарылуы қиындаған. Кеме соғылған мұнара қисайып қалған.