Киевте гей-парад "бәрібір өтетін" болды

Гейлерге қарсы наразылық акциясына қатысушылар "Украинада гей-парадқа жол жоқ" деген ұран ұстап тұр. Киев, 14 мамыр 2013 жыл.

Украиндік гей белсенділері тыйым салынғанына қарамастан сенбіде елдегі алғашқы гей-парадты өткізбекке бекініп отыр. Бұл туралы "Азаттық" Радиосына "Киевпрайд-2013" ұйымдастыру комитетінің өкілі Елена Семенова хабарлады.

Оның айтуынша, гейлердің құқықтарын қорғаушыларда парад өткізудің баламалы жоспары бар және парад "қандай жағдай болса да өткізіледі".

Бұған дейін Украина астанасының әкімшілігі сенбіге жоспарланған гей-парад "сол күні қала күніне байланысты өтетін іс-шараларға кедергі келтіруі мүмкін" деп сотқа шағым түсірген еді. Сот бейсенбіде қалалық әкімшіліктің гей-парадқа тыйым салу туралы шағымын қанағаттандырған.

Өткен жылы гей-парад өтер сәтте белгіленген орынға скинхедтер жиналып, парад өтпей қалған еді.

Украинада гомосексуализмге қатысты бап қылмыстық кодекстен 1990 жылдардың басында алынып тасталған. Бірақ өзге постсоветтік елдердегідей мұнда да гейлер мен лесбилерге қарсы көзқарас әлі бар.