БҰҰ әскери роботтарға уақытша тыйым салуға шақырды

Көрнекі сурет.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі Кристофер Хейнц әлемде әскери роботтар жасауды және пайдалануды уақытша доғаруға шақырды. Ол мұндай роботтардың әскери іс-қимыл кезінде бейбіт тұрғындарды әскери адамнан ажыратуы күмәнді болғандықтан, халықаралық гуманитарлық құқық талаптары бұзылуы мүмкін екендігін айтты.

Сарапшы қазіргі кезде әлемнің бірде бір елінде әскери роботтар қару-жарақ ретінде қолданысқа алынбағанымен көптеген мемлекеттер (соның ішінде АҚШ та) бұл салада дайындық жүргізіп жатқанын айтты. Мұндай технология үшін ғаламдық деңгейде арнайы құқықтық база пайда болғанша, ондай қару-жарақ түрін дайындауға мораторий енгізу қажет деп мәлімдеді Хейнц.

Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Джоди Уильямс пен өзге де тұлғалар адамның араласуынсыз өздігінен шабуыл жасауға қабілетті машиналарды пайдалануға тыйым салуға шақырған.