Италия елшілігі жанындағы акция

Your browser doesn’t support HTML5

10 маусым күні Астанадағы Италия елшілігі маңында сол елдің үкіметіне хат тапсыру үшін жиналған алты азаматтық белсенді ұсталды. Алматылық Марат Жанұзақов, көкшетаулық Төлеген Қасенов пен Виктор Новиков, қостанайлық Игорь Колов, петропавловскілік Сергей Измайлов, семейлік Марлен Есілбаев қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтың --> http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_nursultan_nazarbayev_mukhtar_abliyazov_policy_opposition/25011944.html жұбайы мен баласын депортациялауды айыптады. Елшілік олардың хаттарын қабылдамады. Белсенділер содан кейін «Баланы депортациялау – Италияға ұят», «Итальян соты масқараға ұшырады!», «Италия, диктатураға көмектеспе!» деген ұрандар ұстап шықты. Астананың Есіл аудандық ішкі істер бөліміне апарылған белсенділер түсініктеме жазып, бірнеше сағаттан кейін босап шықты. Видео авторы - Светлана Глушкова.