Бразилиядағы наразылық

Your browser doesn’t support HTML5

Дүйсенбі күні Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро және Бразилиа қалаларында ондаған мың адам көшеге шықты. Наразылық шеруіне қоғамдық көліктегі жолақының қымбаттауы себеп болды. Сонымен бірге шерушілер бюджет қаржысын 2014 жылы өтетін әлемдік футбол чемпионатына жұмсауға, коррупция мен әлеуметтік теңсіздікке қарсылық білдірді. Полиция шеруді тарату үшін резеңке оқтар мен жас ағызатын газ қолданды. Ондаған адам жарақат алды.