Қарағандыда 3 оқушы қыздың соты басталды

Қарағанды облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Қарағандыда облыстық жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында "құрбысын тұншықтырып өлтірді және ол қылмысқа қатысы бар" деген айыппен кәмелетке толмаған үш оқушы қызға қатысты сот басталды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне соттың қабылдау кеңсесінен хабарлады.

Маусым айының басында Қарағандығы қаласы маңындағы су қоймаларының бірінен 9 жастағы Анна Ткаченко есімді баланың өлі денесі табылған еді. Оның өліміне көршілес құрбылары, кәмелетке толмаған үш қыз кінәлі деген күдікке ілінген.

Соттың қабылдау кеңсесінің ақпаратына қарағанда, сотта әуелі әкімшілік іс қаралған. Бұдан соң күдікті оқушы қыздарды арнайы мектепке жіберу мәселесіне қатысты азаматтық істі қарау басталған.

Сот шешіміне қатысты ақпараттарды Азаттық қосымша хабарлайды.