Қазақстанда ораза басталды

Алматыдағы орталық мешіт. Көрнекі сурет.

Бүгін, 9 шілдеде Қазақстан мұсылмандары ораза тұтуды бастады.

Биылғы ораза 30 күнге созылып, 7 тамызда аяқталады. 8 тамыз күні таңертең мешіттерде айт намазы оқылып, мұсылмандардың үш күнге созылатын айт мерекесі басталады.

Орталық Азияның өзге мемлекеттерінде - Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанда да ораза бүгін басталды. Ал Өзбекстанда ораза 10 шілде күні басталмақ.