Алматыдағы оппозиция жиыны аяқталды

Қазақстан оппозициялық күштерінің жиынына келгендер. Алматы, 12 шілде 2013 жыл

Оппозиция өкілдерінің Алматыдағы "Демократиялық күштер жиыны" түс қайта резолюция қабылдаумен аяқталды.

Резолюцияда биліктің халықпен санасуы, елде саяси репрессияны тоқтату, Байқоңырда "Протон" зымыранын ұшуды доғару, саяси тұтқындардың (Вадим Курамшин, Владимир Козлов және "Шаңырақ" ісімен сотталған азаматтар) ісін қайта қарау сияқты талаптар қойылды.

Жиында сонымен бірге елдегі «демократиялық күштердің бірігу» мәселесі сөз болды.

Бұл шараға қатысқан азаматтар соңғы уақытта құқық қорғау органдары тарапынан тергеулер жиілегенін айыптап, мұны тоқтату керектігі жайлы талап қойды.

Жиынға Семей, Астана, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Оралдан делегаттар келген.