Малала Юсуфзай БҰҰ-да сөйлейді

Малала Юсуфзай, "Талибан" шабуылынан аман қалған пәкістандық оқушы қыз.

Талибан сарбаздары қастандық жасап, аман қалған пәкістандық 14 жастағы Малала Юсуфзай бүгін БҰҰ-да сөйлейді.

Блогер, Пәкістанда қыздардың сауатын ашуды жақтап іс-шараларға қатысқан Юсуфзай БҰҰ-ның жастар ассамблеясында балалардың білім алу мәселелері туралы сөйлемек.

Юсуфзай сөйлейтін жиынға 85 мемлекеттен 500-ден астам жастар жетекшілері, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ-ның әлемдік білім беру жөніндегі елшісі, Ұлыбританияның экс-премьері Гордон Браун қатысады.

DPA агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ 12 шілдені Малала Юсуфзай күні деп белгілеген.

Өткен жылы қазан айында Пәкістанның солтүстік-батысында Малала мен оның екі сыныптасына мектептен қайтып бара жатқанда Талибан сарбаздары шабуыл жасаған еді. Мойны мен басына оқ тиіп, ауыр жараланған Малала Ұлыбританияда емделген.

Қазір ол Ұлыбританияда тұрып жатыр.