Күдікті жүк тиеген кеме

Your browser doesn’t support HTML5

Панама билігі ұстаған, Солтүстік Кореяның туын ілген кемеден күдікті жүк табылған. "Кубадан шыққан кеменің командасы жүкті тексеруге бөгет жасауға тырысты, ал кеме капитаны өзіне қол салмақ болды" деп хабарлады Панама билігі. Куба шенеуніктері кемеде советтік үлгідегі ескі зымырандар мен ұшақтар болғанын, оларды Солтүстік Кореяға жөндеу үшін жөнелткенін айтты. Солтүстік Корея биыл ядролық қаруын тағы сынаған соң БҰҰ ол елге қару-жарақтың кез келген түрін беруге немесе шығаруға салынған тыйымды күшейткен еді.