Кешенді тестілеуден 63,5 пайыз талапкер құлады

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы кешенді тестілеу

Кешенді тестілеуге қатысқан талапкерлердің 63,5 пайызы тиісті межеден өте алмады.

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы ақпарат таратты.

Биылғы кешенді тестілеуге 76 мың 655 орта мектеп, колледж және арнайы техникалық мектептерді бітірушілер қатысқан. Олардың ішінде 48 мың 680 талапкер межелі деңгейге жете алмаған.

Бұл барлық қатысушылардың 63,5 пайызына тең. Тестілеу орталығының ақпаратында өткен жылы кешенді тестілеуге 65 мың 439 адам қатысып, оның 65,2 пайызы межелі деңгейге жетпей қалғаны хабарланған.

Биыл 19-22 шілде аралығында өткізілген кешенді тестілеуде «ережені бұзып, аудиторияда тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 89 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған».