Испанияда пойыз апатынан 60 адам қаза болды

Your browser doesn’t support HTML5

Испаниядағы пойыз апаты туралы видео.

Испанияның солтүстік-батысында темір жолдағы апат салдарынан кемінде 60 адам қайтыс болып, 131 адам жараланған. Бұл туралы Галисия аймақтық үкіметінің президенті Альберто Нунес Феихо хабарлады.

Сәрсенбі күні Мадридтен шығып Феррольға кетіп бара жатқан жолаушылар ұшқыр пойызы қалаға 95 шақырым қалғанда - Сантьяго-де-Компостела станциясының маңында - темір жол бұрылысында рельстен шығып кеткен.

Испания мемлекеттік телеарнасының оқиға орнынан көрсеткен видеорепортажда кемінде төрт вагонның бүйіріне аунап, тағы бір вагонның сыртқы қаптамасы жалбырап, түтін шығып жатқаны байқалады.

Апат болған жерге Испания премьер-министрі Мариано Рахойдың баратыны хабарланды. Билік орындары бұл террорлық шабуыл емес, оқыс оқиға болуы ықтимал деп пайымдайды.