Кетебаевты қолдау акциясы

Your browser doesn’t support HTML5

Бір топ азаматтық белсенді Алматыдағы Польша консулдығына үндеу тапсырды. Белсенділер Варшавадан оппозициялық саясаткер Мұратбек Кетебаевқа --> http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_muratbek_ketebaev_arrested_in_poland/25016186.html саяси баспана беруді, оны Қазақстанға қайтармауды сұрайды. Мұхтар Әблязовтың серігі ретінде танылған Мұратбек Кетебаев Польшаның Люблин қаласында тұрып жатыр. Маусым айының ортасында Кетебаевты Польша полициясы Қазақстан сұрауы бойынша тұтқындап, жауап алғаннан кейін босатқан еді. Алматы, 7 тамыз 2013 жыл.