Ресей-Қытай шекарасын су алды

Your browser doesn’t support HTML5

13 тамызда Қиыр Шығыстағы Қытай-Ресей шекарасының 6 бақылау-өткізу пункті топан су кесірінен жабылды. Қытайдың "Синьхуа" агенттігі "бұл тасқынның елдің солтүстік аймақтарында кейінгі 20 жылда болмаған оқиға екенін" хабарлады. Нэньцзян өзеніндегі су деңгейі бір жарым метрге көтерілген. Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.