Тунистегі наразылық шеруі

Your browser doesn’t support HTML5

Тунисте 14 тамыз - Әйелдер күні. Бүгін 40 мың секулярист (діни режимге қарсылар) ел астанасы Тунис қаласында биліктегі исламшылдарға қарсы шеруге шықты. Демонстранттар исламшыл билікті "демократиялық реформалар жүргізуге, әйелдер теңдігін қорғауға" шақырды. Бұл күні мыңдаған исламшылдар да көшеге шықты. Әзірге екі шеру бір-бірімен қақтығысқан жоқ. Тунисте исламшылдар мен секуляристер арасындағы араздық саяси дағдарысқа ұласқалы бір айдай уақыт болды.