Ертісте апатқа ұшыраған кеме капитаны қамалды

Көрнекі сурет

Ресейдің Омбы қаласы соты өткен аптаның соңында Ертіс өзенінде жүк баржасымен соқтығысқан жолаушылар кемесінің капитанын екі ай мерзімге қамауға үкім етті. Кеме капитаны Юрий Ратьконың қанынан алкоголь табылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

17 тамызда Ертіс өзенінде "Полесье-8" деп аталатын кеме мен жүк баржасы соқтығысып, 6 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған еді. Қаза тапқандардың біреуі - Қазақстан азаматы. Тағы бір қазақстандық ауыр халде ауруханада жатыр.

Кемеде 56 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.

Апатқа байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.