Химиялық қаруға қарсылық

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ астанасы Вашингтондағы Ақ үйдің алдына 21 тамыз күні ондаған адам жиналды. Олар Сирия үкіметін көтерілісшілерге қарсы химиялық қару қолданбауға шақырды. Жиналған адамдар қолдарына Сирия туын және құрбан болғандардың суреттерін ұстап шықты. Сирия оппозициясы үкіметті 21 тамызда Дамаск маңында көтерілісшілерге қарсы химиялық қару қолданды деп айыптайды. Жүздеген бейбіт тұрғынның қаза тапқаны туралы ақпараттар бар.