Қырғыз оппозиционерлерін тергеуге шақырды

Аликбек Жекшенқұлов, "Ақиқат" партиясының жетекшісі. Қырғызстан

Қырғызстанда оппозицияның бірнеше жетекшісі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетке (ҰҚМК) тергеуге шақырылды. Тергеуге шақыруға мемлекеттік телеарнадан дүйсенбіде оппозицияның іс-әрекетіне қатысты даулы видеоның көрсетілуі себеп болған.

Видеода жас белсенді Ерланбек Өмірәлиев "оппозициялық саясаткерлер Аликбек Жекшенқұлов, Құбанычбек Қадыров, Садыр Жапаров және Талант Мамытов Нарын өзенін улап, сол арқылы Бішкек-Нарын тас жолын жабуға астыртын сөз байласқанын" айтады. Өмірәлиевтің сөзіне қарағанда, оппозициялық саясаткерлер үкіметке қарсы жаппай қарсылықтар тудыру үшін тыйым салынған исламшыл "Хизбут-Тахрир" қозғалысының белсенділерін іске тартпақ болған.

Оппозициялық "Ақиқат" партиясының жетекшісі Аликбек Жекшенқұлов Азаттықтың Қырғыз қызметіне видеода аттары аталған оппозиция жетекшілері сейсенбіде ҰҚМК-ге шақырылғанын растады.