Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға алу" ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды.
Ресми сайттағы мәлімдемеде "Қазақстан Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға беру және Сирияның Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинауға және қолдануға тыйым салу конвенциясына қосылуы туралы ұсынысты қолдайды" деп жазылған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Бұл қадам Сириядағы ұзаққа созылған, әрі қантөгіске соқтырған қақтығысты диалог аясында шешуге алғышарт бола алады" деп есептейді.
Бұдан бөлек, мәлімдемеде "Қазақстан Сирия билігін ұсынысты іске асыру үшін халықаралық әріптестермен бірігіп, тез арада жан-жақты шараларды іске асыруға шақырған". Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан қазіргі дағдарысты жағдайда халықаралық қауымдастықтың ұстамдылығын қолдайды, бұл жағдайға тек қана БҰҰ эксперттерінің қорытындысынан кейін ғана баға берілуі тиіс" дейді.
Мәлімдемеде "Қазақстанның Сириядағы жағдайды диалог және бітімгершілік арқылы шешуді қолдайтыны" жазылған.
10 қыркүйекте Ресей Сирия билігін сырттан әскери шабуылға жол бермес үшін өзіндегі химиялық қару-жарақты «халықаралық бақылауға» беруге шақырған еді. 11 қыркүйекте АҚШ президенті Барак Обама Конгрестегі Сирияға шабуыл жасауға қатысты дауыс беру процедурасын кейінге шегерді.
Обама "АҚШ пен оның одақтастары - Ұлыбритания мен Франция бұл ұсыныс бойынша Ресей және Қытаймен бірігіп жұмыс істеуге әзір" деп мәлімдеді.