Ангела Меркель үшінші мерзімге қайта сайланды

Your browser doesn’t support HTML5

ВИДЕО: Германия канцлері Ангела Меркельдің партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.

Германияда 22 қыркүйекте өткен парламент сайлауында канцлер Ангела Меркельдің партиясы жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша Ангела Меркель елді қатарынан үшінші мерзім басқарады.

Дауыс беру қорытындыларына қарағанда, Меркельдің консервативтік Христиан-демократиялық одағы мен оның одақтасы Христиан социалдық партиясы 41,5 пайыз дауыс жинаған. Бірақ басқарушы коалициядағы серіктесі Еркін демократиялық партиясы парламентке өтуге қажетті бес пайыздық межені жинай алмады.

Меркель сайлауда 25 пайыз дауыс жинап, парламенттегі екінші ірі партияға айналған солшыл Социал-демократиялық партиясымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Сарапшылар басқарушы коалиция құруға біраз келіссөздер қажет деген болжам айтады.

Ангела Меркель - екінші дүниежүзілік соғысы аяқталған уақыттан бері Германия тарихында Конрад Аденауэр мен Гельмут Кольдан кейін үшінші мерзімге сайланған канцлер болып отыр.