Кенияда кепілдер босатылды

Your browser doesn’t support HTML5

Кения астанасы Найробиде екі күн бойы «Әл-Қаида» ұйымымен байланысы бар «Әл-Шабааб» қарулы тобының қолында болған сауда орталығын осы елдің қауіпсіздік күштері бақылауына алып, терроршылар кепілде ұстаған адамдарды босатқаны хабарланды. Сауда орталығына қарулы топ жасаған шабуыл салдарынан ондаған адам өліп, жүздеген адам жараланған. Канада, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Нидерланд және АҚШ үкіметтері қаза тапқандар арасында өз азаматтары барын хабарлады.