"Союз" ғарыш кемесі халықаралық станциямен түйісті

"Союз ТМА 10-М" ғарыш кемесі ұшып барады. Байқоңыр, 26 қыркүйек 2013 жыл.

Ресейдің Байқоңырдан ұшырған "Союз ТМА-10М" ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясымен түйісті деп хабарлайды ресейлік "Риа-Новости" агенттігі.

Ғарыш кемесімен халықаралық ғарыш станциясына "Роскосмос" ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский, НАСА астронавты Майкл Хопкинс ұшырылған.

Ғарышкерлер халықаралық станцияда 168 күн болады деп жоспарланған.