2015 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Дзюдо балуандары. (Көрнекі сурет).

Дзюдодан 2015 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтетін болды. Бұл туралы шешім халықаралық дзюдо федерациясының Будапештегі (Венгрия) штаб-пәтеріндегі отырыста қабылданды.

Астанада болатын әлем чемпионатында 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына жолдама бөлінеді.

Қазақстанда бұдан өзге де бірнеше әлемдік жарыс өтеді. Биыл 14-26 қазан аралығында Алматыда бокстан әлем чемпионаты болады. Ал 2014 жылы Астана ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізеді.