Қазақстаннан алғашқы 100 адам қажылыққа кетті

"Қажылық сапарға" бара жатқан қазақстандықтар әуежайда отыр. Алматы, 16 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қажылыққа баратын қазақстандықтардың алғашқы тобы - 100 адам Сауд Арабиясына кетті деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ). ҚМДБ дерегі бойынша, биыл Қазақстаннан қажылыққа 4 мың 400 адам барғалы отыр.

ҚМДБ жанынан биыл құрылған комиссия мүшелері - дәрігерлер қажылыққа баратындарға медициналық көмек көрсетеді, ал 30 имам уағыз-насихат айтып, бағыт-бағдар береді.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі жуықта ел азаматтарын Таяу Шығыста тараған қауіпті вирусқа байланысты Сауд Арабиясына қажылыққа бармай тұра тұруға шақырған еді.