Обама Малайзияға сапарын кейінге қалдырды

Барак Обама, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Барак Обама үкімет мекемелері жұмысын тоқтатып жатқан тұста Малайзияға сапарын кейінге қалдырды.

Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың хабарлауынша, Барак Обама келесі аптада осы елге сапарлай алмайтынын айтып, өкініш білдірген. Президент Обама 11 қазанда Куала-Лумпурда өтетін бизнес-конференцияға АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қатысатынын айтқан.

АҚШ президенті келесі аптада Оңтүстік-Шығыс Азия аймағына төрт күндік сапары аясында Малайзия, Индонезия, Филиппин және Брунейге баруы керек еді.

Ақ үй әзірге президент Обаманың сапарын кейінге қалдыруына байланысты түсінік бермеді.