Әзербайжандағы сайлау

Your browser doesn’t support HTML5

Ильхам Әлиев 2003 жылы әкесі Гейдар Әлиевтің орнына Әзербайжан президенті болды. 2009 жылы бұл елде референдум өтіп, конституцияға өзгерістер енгізілді. Ол бойынша, бір адам президенттікке қатарынан үш рет сайлана алатын болды. Халықаралық ұйымдар мен оппозиция Әлиевті "жемқор", "адам құқықтары мен сөз бостандығын шектейді" деп айыптайды. Бұған дейін Әзербайжанда өткен барлық сайлауды ЕҚЫҰ "ашық емес" деп бағалаған. Бүгінгі сайлауда 10 кандидат бәсекеге түседі. Олардың арасында оппозиция үміткері Жамиль Гасанлы да бар. Бақылаушылар "оппозицияның жеңуі неғайбіл --> http://www.azattyq.org/content/azerbaijan_presidential_elections_opposition/25130459.html , бірақ олар біріге алатынын, билікпен күресуге болатынын көрсетті" дейді.