Назарбаев Батыс Қазақстанға барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 23 қазанда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Президент Назарбаев Оралда "Стекло-Сервис" кәсіпорнында болған, облыстағы автомобиль жолдарының сапасын жақсарту туралы, шағын бизнесті дамыту жайлы айтқан.