Сирияның этникалық және діни құрамы

Сириялық әйелдер ұлттық киім киіп тұр. 1873 жылғы сурет

Сирияда 22 миллион адам тұрады. Оның 74 пайызы - сүннит, 10 пайызы - алавит, 3 пайызы - шиит, 10 пайызы - христиан. 3 пайыз тұрғындар әртүрлі діни азшылық өкілдері.

Елде 90 пайыз сириялық арабтардан бөлек этникалық азшылық топтар да бар. Олар - күрдтер, ассириялықтар, армяндар, түркімендер, черкестер.