Жас қарилар байқауының жеңімпаздары анықталды

Your browser doesn’t support HTML5

Жас қарилар байқауы

Бүгін Алматыда құран оқудан 5-республикалық байқау аяқталды деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) баспасөз қызметі. Байқау 26 қазанда Алматының орталық мешітінде басталған.

Жас қарилар құран оқудан бірнеше номинация бойынша сынға түскен.

Байқау қортындысы бойынша, бірінші орынды жеңіп алған 15 жастағы Құрбан Сансызбайұлына 1 миллион теңге табыс етілген. Екінші орынды иеленген Хусей Уәлихадиемге 750 мың теңге берілген. Үшінші орынды бөліскен Қуаныш Тоқсанбайұлы мен Әбділхаффар Тұрсынов әрқайсысы 350 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болған.

Байқауға қатысқандар құранды мәнерлеп оқу, 5 пара құранды, 10 пара құранды және құранды түгелдей жатқа оқудан сынға түскен. Бұлардан өзге 29 қариға 15 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейінгі көлемдегі ақшалай сыйлықтар берілген.

Алматыдағы жас қарилар байқауына 25 жасқа дейінгі үміткерлер қатысты.