Таиландтағы паром апаты

Your browser doesn’t support HTML5

Паттая жағалауынан жарты шақырымдай қашықтықта теңізде туристер келе жатқан паром суға батып кетті. Апат салдарынан жеті адам қаза болған. Олардың арасында Ресей, Таиланд және Қытай азаматтары бар. Паттайядағы Ко-Лан аралынан шыққан паромның двигателінде ақау пайда болған соң, жолаушыларды екінші қабатқа шығарған. Олардың салмағынан паром бір жақ бүйіріне ауып, суға батып кеткен. Полицияның хабарлауынша, 150 жолаушы алып жүруге лицензиясы бар паромда апат болған сәтте 200 адам отырған.